Өмір жолында тайғақ,
Секілді бір қуған бақ,
Жүйіткіп жүрмін жел айдап.

Нық сезіммен бел байлап,
Жер жүзін қайта шарлап,
Ұшсам деймін құстай самғап…

Сары жапырақ жауып жерді,
Құстар қайтып қалды көлі,
Жылап жүрек мұңаямын мен.

Жанға салған өшпес сызақ,
Пәк махаббат қалды жырақ,
Жолға түстім жаңа қадам мен.

Қош бол, мұңлы күндер!
Қош бол, айсыз түндер!
Қош бол, енді жаным!
Қош бол, енді жаным!

Тентек боз боран үрлеп,
Көз аштырмай тұр түтеп,
Батбан оймен мұң жүдеп.

Бұлқындады бұл жүрек,
Бүршік сезім қайта гүлдеп,
Тың арманды барам іздеп…

Сары жапырақ жауып жерді,
Құстар қайтып қалды көлі,
Жылап жүрек мұңаямын мен.
Жанға салған өшпес сызақ,
Пәк махаббат қалды жырақ,
Жолға түстім жаңа қадам мен.

Қош бол, мұңлы күндер!
Қош бол, айсыз түндер!
Қош бол, енді жаным!
Қош бол, енді жаным!

阅读剩余 0%
本站所有文章资讯、展示的图片素材等内容均为注册用户上传(部分报媒/平媒内容转载自网络合作媒体),仅供学习参考。 用户通过本站上传、发布的任何内容的知识产权归属用户或原始著作权人所有。如有侵犯您的版权,请联系我们反馈本站将在三个工作日内改正。