Жыл…
Екі мың он жеті.
Көктемнің келбеті,
Көңілді тербеді.
Мен..
Сыбырладым желге,
Күбірледім көлге,
Келмедің сен неге?
Сен.
Ілесіп қанатыңа күй мен өлең,
Көзіңе жәудіреген сыйған әлем,
Қонағой құсым, көліңе.
Беу!
Айдынды шулатқан,
Аққуға оқ атқан,
Кім екен, жаратқан?!
Мен..
Желге де шағындым,
Көлге де шағындым ,
Көркіңді сағындым!..